Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау: Кәсіпкерлерге 753 млн теңгенің айыппұлы салынды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бірінші жартыжылдықта атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ай сайын бүкілреспублика бойынша Ұлттық сараптау орталығының 7 мыңға жуық маманы шамамен 7,2млн зерттеу жұмысын жүргізеді. Қызметкерлеріміздің осы жұмысының арқасындахалықтың денсаулығына қатер төндіретін, талапқа сай келмейтін өнімдер дәлмезгілінде анықталып, инфекциялық аурулардың таралуына жол берілмейді.Осылайша, өнім қауіпсіздігіне ай сайын өткізілетін мониторинг халық тұтынатын32 мыңнан астам тағам өнімдері мен тауарларды қамтыды. Оның 19,6 пайызытехникалық регламенттердің талаптарына сәйкес болмай шықты. Осы фактілер бойынша1 мыңнан аса ұйғарым жазылып берілді. 38 млн теңгенің айыппұлы салынды.Айналымнан 16 млн теңгенің 29 тонна қауіпті өнімі тәркіленді», - деді ҚРДенсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін бақылау комитеті төрайымы Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткенбаспасөз мәслихатында.

Людмила Бюрабековасонымен қатар, эпидемиологиялық ахуал туралы да сөз қозғады.

«Алғашқыжартыжылдықта аса қауіпті инфекциялардың тіркелу жағдайы кездескен жоқ. Өткенжылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 32 инфекция бойынша ауру жағдайыназайтуға қол жеткізілді. Атап айтқанда, А гепатитті вирус деңгейі 2,5 есеге,эпидемиялық паратит 2,6 есеге, менингогок инфекциясы 49,4 пайызға, сальмонолоз26,5 пайызға төмендеді. Қызылша ауруының жиі тіркелуіне байланысты шарақабылданып жатыр. Қазірге дейін елімізде қызылшаға шалдығу бойынша 9 жағдайтіркелді. Аталмыш ауру вакцинациядан өтпеген балаларда кездескенін атап өтукерек», - деді комитет басшысы.

Комитет басшысысанитарлық-эпидемиологиялық салада ерекше тәртіппен 20 мыңға тарта тексеружұмысы жүргізілгенін тілге тиек етті.

«Олардың 16 600 бойыншабұзушылық анықталып, 753 млн теңгенің айыппұлы салынды. Сол секілді жоспардантыс тексеру кезінде 2 485 нысанда 8 мыңға тарта бұзушылық анықталып, оған жолбергендер 150 млн теңгенің айыппұлын арқалады. Санитарлық-эпидемиологиялықсаладағы негізгі бұзушылықтар ретінде өнімдердің сақталу мерзімінқадағаламауын, медициналық тексерістердің болмауын, мерзімі өткен өнімдердісату, ас блогындағы тазалықтың аздығын атап өтуге болады», - деді ЛюдмилаБюрабекова.

Соңғы жаңалықтар