«Біз екі буыннан кейін алғаш рет ядролық қарудың қолданылу қаупімен бетпе-бет келдік.Текетірестер жасанды кедергілер мен экономикалық оқшаулануға әкеледі.
Экономикалық және саяси санкциялар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тізбегін жойып, миллиондаған адамдарға, әсіресе қоғамның осал топтарына қауіп төндіретін «жаңа нормаға» айналды», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент аталған проблемалардың салдары ертең қандай қиындықтарға әкелетінін айтты.
«Бұл қиыншылықтар өсіп келе жатқан инфляцияға, жұмыс орындарын жоғалтуға және дамушы елдердің әлемдік экономиканың құлдырауынан үрейленуіне қатысты қазіргі сын-қатерлерді тек күшейте түседі.
Бұл күйзелістер, түптеп келгенде, климаттың өзгеруіне қарсы күресу және орнықты дамуды қолдау жөніндегі біз бәріміз келіскен жедел шаралардың жүзеге асырылуына айтарлықтай кедергі келтіреді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото:akorda.kz