Санкциялық соғыстар халықаралық сауда мен әділ бәсекелестікке қауіп төндіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкциялық соғыстар халықаралық сауда мен әділ бәсекелестікке қауіп төндіруде. Бұл туралы бүгін Астана клубының үшінші отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Барған сайын әлемдік экономикалық және технологиялық кеңістіктің күрт фрагменттенуі айқын бола түсуде. Бәсекелесуші экономикалық орталықтар төңірегінде ірі блоктардың құрылу жолымен жаңа сауданың әлемдік тәртібі қалыптасып келе жатқаны байқалады. Бұл ДСҰ рөлінің төмендеуіне, протекционизмнің күшеюіне әкелуі мүмкін. Саяси қысым желеуімен экономикалық мақсатты көздеген санкциялық соғыстар халықаралық сауда мен әділ бәсекелестікке қауіп төндіруде», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, 2011 жылы Қытай мен Еуропа арасын тікелей темір жолы тасымалымен жалғастыру «соқыр тәуекел» болып көрінген болатын. Ал бүгінде Қытай-Батыс Еуропа, Қытай-Қазақстан-Парсы шығанағы сынды 40-қа жуық трансқұрлықтық бағдарлар бар.