Volvorii Timeless үлгісіндегі аяқ киім ақ-қара түсте тігілген. Оның беткі қабаты электронды сия технологиясы бойынша жасалған. Соның көмегімен смартфон арқылы туфлиге түрлі ою-өрнекті таңдауға болады. Туфлиді смарфтонға «қосу» үшін Bluetooth байланысы пайдаланылады. Аяқ киімнің табанына оның қорек көзі болып табылатын сымсыз модуль орнатылған, оның батареясының қуаты бірнеше күнге жетеді.
Құны 150-500$ доллар аралығында болады деп күтіліп отырған жаңа сипаттағы аяқ киім сатылымға 2015 жылдың желтоқсан айында түседі.