08:30, 24 Наурыз 2009
Санкт-Петербор Гогольдің 200 жылдығын кеңінен атап өтеді
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Ресейдің солтүстік елордасында ағымдағы жылы орыс әдебиетінің ұлы классигі Николай Гогольдің 200 жылдығы кеңінен атап өтіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Мәдениет мәселелері жөніндегі қалалық комитеттің төрағасы Антон Губанков журналистерге хабарлағанындай, бұл атаулы мерейтойға орай қаладағы жазушыға арналған барлық ескерткіштер мен мемориалдық тақталар жаңартылады. Петербор метрополитенінің стансаларының біріне Николай Васильевичтің есімі беріледі: комитетке қала тұрғындарынан "Звенигородская" стансасының атауын «Гоголь» стансасы деп ауыстыру туралы ұсыныс түсіп отыр. Сондай-ақ сәуірдің 1-і мен 19-ы аралығында қала театрларында Гоголь сюжеттеріне қойылған опера және балет фестивалі өтеді.