Форумның бағдарламасы «Келешектің іргетасын қазірден қалай отырып» деген ортақ тақырыпқа біріктірілген үш негізгі тарауды қамтитын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Форумның ұйымдастырушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Әлемдік экономика: қалпына келтіруге басқару» деп аталатын бірінші тарауда дағдарыстан кейінгі жаңару, газ нарығының болашағы мен энергетика саласының келешегі туралы жарыссөз болады.
Ал екінші тарау дәстүр бойынша Ресейге арналады. «Ресей - бүгін және ертең» деген тақырыпты арқау еткен бұл тарауда елдегі инновациялық экономика, Сочи Олимпиадасы, т.б. басқа мәселелер талқыланады және «Ресейдегі жекешелендіру», «Инфрақұрылымдағы мүмкіндіктер», «Бюджет саясаты», «Көші-қон саясаты, еңбек нарығы», «Кеден одағы. Ол қалай жұмыс істейді» деген тақырыптарда брифингтер өтеді.
Ал үшінші тарау - «Болашаққа көзқарас» деп аталады және онда болашақ телекоммуникациялар, әскери сатып алулар, білім берудің жаңа модельдері, сондай-ақ «Ғарыш саясаттары», «Энергия үнемдеуші қала», Медиаконвергенция», «Сандық технология заманындағы кино», «Геномнан кейін» деген тақырыптар көтеріледі.
Естеріңізге сала кетейік, кезекті халықаралық экономикалық форум Петерборда маусымның 17-19-ы аралығында өтеді.