08:49, 30 Сәуір 2009
Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумының бюджеті қысқартылады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - XIII Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумының бюджеті өткен жылғы шығындармен салыстыра отырып қысқартылатын болды.
Саммитті ұйымдастырушылардың бағалауынша, биылғы форумның бюджеті 550 миллион рубльді құрайды, ал бұл сомаға кірмейтін қалалық шығындар, мысалы көшелерді жинауға, т.б. жұмыстарға кететін шығындар 50 миллион рубль көлемінде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Петербор вице-губернаторы Михаил Осеевский баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, «ағымдағы жылы Форум өзгешелеу өтеді. Біз іскерлік бағдарламаға көбірек назар аударғалы отырмыз. Дегенмен шараға қатысушылардың демалуға да мүмкіндіктері болады». Атап айтқанда Форумға қатысушылар бірінші күні ? маусымның 4-інде Алаңдар сарайында Duran-Duran тобының концертін тамашалай алады, сондай-ақ мұражайлар мен театрлар да өз бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Форумның дәстүрлі демеушілері "Газпром" ААҚ мен Ресейдің «Сбербанкі» Кезекті, XIII Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы маусымның 4-і мен 6-сы аралығында өтеді. Бұл шара әлемдік дамудың заманауи өзекті мәселелеріне арналады.