Санкт-Петербор қаланың фашистік құрсаудан толықтай азат етілуінің 67 жылдығын тойлауда

САНКТ-ПЕТЕРБОР. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петербор бүгін нағыз «ленинградтық» күн - қаланың фашистік құрсаудан толықтай азат етілгенін тойлап отыр.

Осы күні, бұдан 67 жыл бұрын, 1944 жылдың 27 қаңтарында екі күндік шабуылдан кейін кеңестік әскерлер Ленинградты 900 күндік қоршаудан кейін толықтай азат етті.

Қоршау кезінде қалада 150 мыңнан астам снаряд жарылып, 15 мыңнан астам бомба түсті.

67 жылдықты тойлауға арналған салтанатты шаралар дәстүр бойынша Нева даңғылындағы 14- үйдің қабырғасында сол замандардан қалған ескерту жазбасының жанынан бастау алды. Онда: «Азаматтар! Артиллериялық атқылау кезінде көшенің осы жақ бөлігі аса қауіпті» деген жазу бар. Қаза тапқандарды еске алу мақсатында Ленинградты қорғаған жауынгерлерге арналған Пискарев мемориалдық қорымы мен өзге де қорымдарда гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Мемориалдарға ардагерлер, билік органдары мен қоғам өкілдері келеді. Бүкіл Әулиелер Храмында, қоршау кезінде крематорий болған Мәскеулік Жеңіс саябағында қаза тапқандардың рухына дұға оқылады.