Санкт-Петербор ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінен алынып тасталуы мүмкін

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - «Газпромның» қаржыландыруымен Санкт-Петерборда салынатын биіктігі 403 метрлік «Охта-центр» мұнарасының құрылысы Нева жағалауындағы қаланы ЮНЕСКО-ның дүнижүзілік мұралар тізімінен шығарылуына себеп болуы мүмкін. Бұл туралы ЮНЕСКО-ның ресми мәлімдемесінде айтылып отыр.

Халықаралық ұйымдағылар,   мұнараның салынуын  Ресейдің    ескерткіштерді  қорғау  жөніндегі    міндеттемесін  бұзғаны деп  санайтынын мәлім етуде.  Аспан тіреген  мұнара салынған  жағдайда,  ЮНЕСКО   Санкт-Петербор қаласының  орталығын     дүниежүзілік  мұралар     тізімінен     қатер төнген  нысандардың  тізіміне  ауыстыратын  болады.