«Алдын ала болжам бойынша, жігіт әдейі, өзін өлтіргісі келіп секірген. Санкт-Петерборда оның екі әпкесі тұрады, ал, Қазақстанда әкесі бар. Жігіттің әкесі баласының өлімін естіді. Қаза тапқан жігіттің кім екені 2014 жылы берілген төлқұжаттың арқасында анықталған»,-дейді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Санкт-Петербордағы бас консулдық тергеуді өз бақылауына алған. Қазақстанның дипломаттары тергеу бөлімінің қызметкерлерімен тығыз байланысып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 32 жастағы қазақстандық жігіттің мәйіті Петербордағы Матрос Железняка көшесіндегі №57 үйдің қасынан табылған болатын.