Санкт-Петерборда әлемдегі ең ұзақ өлең жазылмақшы

None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда әлемдегі ең ұзақ өлең жазылмақшы. Бұндай рекордты «Орындық» балалар поэзиясының мерекесін ұйымдастырушылар орнатпақ ниетті.

Гиннестің Рекордтар кітабынан орын алу үшін алдыңғы рекордты, яғни 1 миллион 200 мың жолдан тұратын өлеңді жаңарту керек. Жоба мерзімсіз. Ол тым болмағанда жаңадан төрт жол өлең шумағы жалғанғанда аяқталады. Жаңа рекордты жаңартуға қызғушылық танытқан кез келген адам қатыса алады.

Акция басталып та кетті. 174 өлең шумағы жазылып үлгерді, оны 11 адам жазып шығарған.