Санкт-Петерборда «астық ОПЕК»-ін құру мүмкіндігі талқыланады
16:03, 02 Маусым 2009
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ – Санкт-Петерборда маусымның 6-сында өтетін Дүниежүзілік астық форумының күн тәртібіндегі шешуші мәселелердің бірі «астық ОПЕК»-ін құру болмақшы,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Санкт-Петербордың губернаторы Валентина Матвиенконың мәлімдегеніндей, «форум аясында «астық ОПЕК»-ін құру мүмкіндігі талқыланатын болады. Меніңше оны құрудың келешегі өте үлкен, өйткені астық экспорты, баға саясаты, астық сапасы мәселелерін реттейтін уақыт жетті».Санкт-Петербор халықаралық экономикалық форумы аясында Дүниежүзілік астық форумы тұңғыш рет Ресейдің солтүстік астанасында өткізілмекші.