Санкт-Петерборда Аяз Атаға арналған көрме ашылды
08:52, 28 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Санкт-Петербордағы Дін тарихы мемлекеттік мұражайында Аяз Атаға арналған көрме ашылды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлаған.
Еуропа мен Америкада Рождество Атасы аталатын бұл кейіпкер әлемнің көптеген елдеріне тараған және көптеген халықтың сүйікті кейіпкері. Бірақ та, ол әр елде әртүрлі ұлттық нақышқа ие болып, әртүрлі есіммен аталады. Мысалы, Ұлыбританияда - Рождество Атасы, Финляндияда - Йоулупукки, Белорус елінде Зюзя немесе Дзед Мароз, Швецияда - Юль Томтен, т.б. Көрмеге сол кейіпкерлердің бейнелері мен оларға тән атрибуттар қойылған.
Кейбір елдерде Рождество Атаның бейнесін әулие Николаймен немесе Санта Клауспен байланыстырады. Көрме осынау кейіпкерге қатысты рождестволық аңыздар мен сенімдер туралы да баян етеді.