Барлық еріктілер вакцина қабылдағаннан кейін 7 күн бойы емханада қалуы керек. Яғни, олар бүгін амбулаториялық қадағалауға шығып, емханаға тек белгіленген күндері ғана келетін болады. Оған қоса, еріктілер өз жағдайларын қадағалау күнделігін жүргізулері керек.
Доңыз тұмауына қарсы вакцина сынағының екінші кезеңі Санкт-Петерборда қыркүйектің 18-інде басталады. Бұл жолы инактивтелген вакцина сынақтан өткізіледі.
Еріктілерге ақылы аурулық қағазы беріледі, күніне бес рет тамақтандырылады және 10 мың рубль көлемінде өтемақы қарастырылған. Сынаққа барлығы 150 ерікті қатысады.
Екі вакцинаның да сынағын қараша айында аяқтау жоспарлануда. Ал пандемиялық тұмауға қарсы халыққа жаппай егу науқаны, шамамен желтоқсан айында басталады деп күтілуде. Ниет білдірген ресейліктердің барлығына вакцина егуге федеральдық бюджеттен 10-20 миллион доллар қаржы бөлінеді. Бірінші кезекте, балалар мен оқушылар, одан кейін күдік тобындағылар егілетін болады.