ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысы барысында Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі іс-қимылдар жоспарының орындалу барысы талқыланады деп күтілеуде.
Сондай-ақ «бестік» форматында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің әлемдік қаржы дағдарасын еңсеру және ЕурАзЭҚ Сотын қалыптастыру мен қызметін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен шаралар жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда жұмыс сапарымен жүр, онда Үкімет басшысы ЕурАзЭҚ Мемлекет аралық кеңесінің (Кеден одағының Жоғарғы органы) үкімет басшылары деңгейіндегі отырысына қатысады.