Мұражайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрмеде «Солтүстік-Батыс» бірлестігі мүшелерінің іздестіру жұмыстарының барысында табылған Қызыл Әскердің жауынгерлері мен офицерлерінің жеке заттары қойылады. Заттар Петербор мен Ленинград облысының аумағында табылып, бірлестік құрған Әскери археология мұражайына табыс етілген.
Әр табылған заттың өз тарихы бар. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, көрменің орталық экспонаты 1939 жылдың желтоқсанында қаза тапқан әскери ұшқыш Д.А.Денисенконың заттарына арналған. Заттар ДБ-3а бомбалаушы ұшағы құлаған Карелия мойнағында табылды, ал ұшақ батпақтан алып шығарылды.
2006 жылы құрылған әскери археология мұражайы Петровский даңғылы, 2 мекен-жайында жұмыс жасайды. Мұражайда кеңестік-финдік және Ұлы Отан соғысы кезеңдерінің әскери техникаларының бөліктері, фортификация элементтері, қару-жарақтар, әскерилердің заттары мен өзге де соғыс жарақтары қойылған. Бүгінгі күні Петерборда 27 іздестіру отряды мен бірлестіктер жұмыс жасауда.