Санкт-Петерборда К.Мәсімовтің Қырғызстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Ө.Бабановпен кездесуі өтіп жатыр

ТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Санкт-Петерборда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Қырғызстан Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Өмірбек Бабановпен кездесуі өтіп жатыр.

ҚР Үкімет басшысының pm.kz ресми сайтында хабарланғандай, келіссөз барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқылануда.

Естеріңізге сала кетейік, К.Мәсімов Ресей Федерациясында жұмыс сапарымен жүр. Үкімет басшысы бүгін ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырыстарына қатысады.