Санкт-Петерборда қоршау балаларына арналған ескерткіш ашылды
ҚазАқпарат тілшісі хабарлап отырғандай, жаңа ескерткіш 1953 жылы қаладағы бір мектеп оқушыларының блокадалық қала балаларын еске алып еккен Васильев аралындағы Алмалы бақшасында ашылды.
«Бұл жас ленинградшылардың батырлығы мен ержүректілігіне арналған ескерткіш. «Бала» мен «қамал, қоршау» сөздерін бірге қолдану ауыр, алайда сұрапыл соғыс оларды біріктірді. Төрт жүз мыңнан астам бала Ленинград қамалында қалған болатын. Олардың барлығы өмір жолдарын жалғастыра алмады. Ленинград қоршауының бүлдіршіндерін қамалған қала періштелері десек болады», - дейді қала губернаторы Валентина Матвиенко.
В.Матвиенко былтырғы жылы қаланың Васильев аралы тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, бақшаны қайта құрастыру үшін қаржы бөлгенін хабарлады. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген, жолдар дұрысталып, гүлдер отырғызылған. Сондай-ақ қамауда қалған балаларға арнап ескерткіш орнату шешімі де қабылданған болатын.
Ескерткіштің ашылу салтанатына жақын жердегі мектеп оқушылары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, қоршауда болғандар жиналды. Шараға қатысушылар қоршауда қаза тапқан балаларды бір минөт үнсіздікпен еске алды. Ескерткішке гүлдер мен ойыншықтар қойылды. Кішкентай ленинграддықтарды еске алуға келген әрбір адам осы бақтың алмасынан дәм татты.