Санкт-Петерборда мамырдың 9-ында «Жеңіс минуты» акциясы өтеді

САНКТ-ПЕТЕРБОР. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Санкт-Петерборда мамырдың 9-ында «Жеңіс минуты» акциясы өтеді. Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат дәл 19.45-те барлық радостанса мен телеарнада «Жеңіс күні» әні шырқалады.

Даңқты әнді машинада, үйде, жұмыста, көшеде тыңдауға болады. Акцияның мақсаты - ардагерлерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға алғыс білдіру. Ардагерлердің көпшілігі денсаулық жағдайларына байланысты үйлерінен шыға алмайды. Бірақ олар радио тыңдап, теледидар көреді.

«Біздің болашағымыз үшін өмірін аямаған адамдарға осындай ұлы күні «Рахмет!» айтайық», - дейді акцияны ұйымдастырушылар.