Санкт - Петерборда өткен жиында Кедендік Одаққа қатысты түйіткілді мәселелердің барлығы толық шешілді - Ө.Шөкеев

None
аусымның 21-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Біз бюджеттен, резервтік қордан алынған қаржы арқылы ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырып келдік.

Ал қазіргі жағдайда, яғни дағдарыс өткеннен кейін, үкіметтің қаржысы бұлайша жұмсалмайтын болады. Сондықтан бізге басқа елдерден және басқа рыноктардан үлкен көлемде қаржы тарту қажет. Ал ол үшін бізге

үлкен банк қажет. Бұл әрине менің жеке пікірім», деді бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ Ө.Шөкеевтың сөзіне қарағанда, Қазақстан қазір Кедендік Одақ аясындағы жұмыстарға толық дайын. Өйткені осы бағыттағы жұмыстар бойынша келіспеушіліктер соңғы рет, Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өткен жиында шешілді. «Қазір қажетті құжаттардың барлығы дайын. Ертеңнен бастап, Парламентке қалған келісімшарттардың барлығын ұсынамыз. Осы құжаттарды Парламент толық қабылдаған жағдайда шілденің 1-не біз толық дайын боламыз», деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.