«Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе бағыттарын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып келеді. Дипломатиялық арналар арқылы ресейлік авиациялық билік органдарынан аптасына 7 рейс жиілігімен Санкт-Петербург - Астана бағыты бойынша рейстерді орындау үшін Red Wings әуе компаниясының тағайындау туралы шешім қабылданғаны туралы xабарлама келіп түсті», - деп атап өтті комитеттен.
Қазіргі уақытта Астанадан Санкт-Петербургке тікелей рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы аптасына 6 рет жиілікпен орындайды. Бұрын ресейлік тараптан бұл бағытта «Россия» авиакомпаниясы ұшқан болатын.