Санкт-Петербург метросында қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургтегі метрода болған жарылыс салдарынан қаза тапқандардың жалпы саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС РФ денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцоваға сілтеме жасап.

«Бүгін 14 адамның қаза тапқанын хабарлаймыз: 11 адам - оқиға орнында және үшеуі ауыр жағдайда көз жұмды - біреуі жедел-жәрдем машинасында ауруханаға бара жатқан жолда және екеуі - алған жарақатының салдарынан Мариинский ауруханасында жан тәсілім етті», - деп хабарлады Вероника Скворцова.

«Он үш адам жіберілді. Барлық науқастарды күн сайын білікті мамандар қарауда, барлығы қажетті заттар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген», - деп қосты Скворцова.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, қазіргі таңда стационарда 49 адам ем қабылдауда.