Қазақстандық боксшы бойжеткен чемпиондық белбеулерін қорғауға күш салады. Сондай-ақ Санкт-Петербургтегі бокс кешінде басқа да отандастарымыз шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек жұбының толық тізімі төмендегідей:
Ресейлік Евгений Терентьев беларусь Кирилл Самадураумен 10 раундтық жекпе-жекте кездеседі.
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Виктор Коточигов тайлық Аеккаве Каевманимен жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.
Қазақстандық Жантіл Өмірбай WFA версиясы бойынша әлем чемпионаты титулына таласады. Қарсыласы - Беларусь боксшысы Руслан Родзивич.
Сондай-ақ, турнир аясында Санкт-Петербургтің жас боксшысы Эдгард Москвичев жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы ростовтық Аликлыч Канболатов өз кезегінде 20-дан аса кәсіпқой жекпе-жекті еңсерген.
Қазақстандық белгілі нокаутшы Али Балоев әзербайжандық Гулхусейн Агазадамен жұдырықтасады. Гулхусейн осыған дейінгі жекпе-жектерінде қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп шыққан.
Өзбекстаннан келген Дилмуроджон Бозорбоев грузиндік боксшы Рубен Мовсесянмен жұдырықтасады.
Ресейден Александр Костромин мен Сергей Белошапкин жекпе-жекке шығады. Қос боксшының күші 6 раунд бойы сыналады.
Бұл кеште қазақстандық Мұхит Аманбаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы - өзбекстандық Исломжон Хужаев. Ол кәсіпқой бокста 6 кездесу өткізген.
Ресей атынан тағы қос боксшы алғаш рет жекпе-жекке түседі. Олар санкт-петербургтік Влад Степанов пен оған қарсы Тольятти қаласынан Вахид Аббасов шығады. Оларды 4 раундтық тартыс күтіп тұр.
Соңғы жұптың есімдері әзірге белгісіз. Бірақ оның біреуі Қазақстаннан екені анық. Бұл жұпты Ресей мен Европадағы үздік ринг-анонсер Александр Загорский хабарлайды. Басты оқиғаның ұйымдастырушысы - аты аңызға айналған боксшы, Юлия Куценконың промоутері кіші Рой Джонс. Кеш 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте А2 аренасында өтеді.