«Жоғары Кеңестің күн тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру мәселелерін қамтиды. Ортақ нарықты қалыптастыру бағдарламаларын қабылдау Қазақстанның осы секторларының экспорттық әлеуетін толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, Жоғары Кеңестің күн тәртібінде ЕАЭО аясында интеграциялық процестерді дамыту туралы Декларацияны қабылдау жоспарланып отыр.
«Бүгін талқыланған жаңа декларация ынтымақтастық орнатылмай келе жатқан кейбір салалардағы өзекті мәселелерді және кедергілерді шешуге бағытталған», - деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саргсян.
Оның айтуынша, кейбір қатысушы елдердің саясаттарының сәйкес келмеуі кедергілерге әкеп соғуда.
«Сондықтан, біздің келісіміміз, ең алдымен, ортақ нарықтардағы тауарлардың еркін айналымына кедергі келтірмеу үшін саясатымызды үйлестіру мәселесін талқылау қажет. Бұл кедендік, фитосанитарлық мәселелерге, қадағалау мен бақылауға қатысты. Мұнда қадағалаушы органдардың да, үкіметтердің де ұстанымдарын біріктіру қажет», - деді ол.