Жұма күні ол St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің жартылай финалында әлемнің бесінші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) бір разрядты рейтингінде 34-орында тұрған Путинцева Санкт-Петербург турнирінен кейін алғаш рет әлемнің үздік 30 теннисшісі қатарына енеді, деп хабарлайды sports.kz.