Санкт-Петербургте пәтерінің балконынан оқ атқан ер адам ұсталды

САНКТ-ПЕТЕРБУРГ. ТАСС-ҚазАқпарат – Санкт-Петербургтегі полиция Приморск ауданындағы өз пәтерінің балконынан бірнеше рет аңшы мылтығынан оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«27 наурыз күні Мәскеу уақыты бойынша сағат 00:44-те Бас басқарманың кезекші бөліміне «112» арқылы Парашютная көшесіндегі 61-үйде атыс болғаны туралы хабар келіп түсті. Аталған мекенжайға келген полиция қызметкерлері Парашютная көшесіндегі 64/4-үй пәтерінің балконында 1981 жылы туған азамат өзінің аңшы мылтығынан бұзақылық ниетпен бірнеше рет оқ атқанын анықтады. Ер адам аумақтық полиция бөліміне жеткізілді», - делінген басқарма хабарламасында.

Одан мылтық, алты патрон және 46 гильза тәркіленді. Қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.