«Жарылғыш зат табылып, залалсыздандырылды», - деді ол.
Серовтың айтуынша, енді қауіп жоқ. «Тұрғындарды көшіру туралы бұйрық берілді, 7 қабатқа дейін залалсыздандырылды», - деп қосты ол, 8 және 9 қабатта тергеушілер жұмыс істеп жатқанын нақтылап.
Аудан басшысының айтуынша, жарылғыш зат табылған пәтерде үй иелері болмаған.
«Онда пәтердің иелері болған жоқ. Олар қалай пәтерге кіргенін анықтауға уақыт қажет», - деді Серов, пәтердегі адам санын нақты айтпай.
Үй тұрғындарының айтуынша, жетінші қабатта бір бөлмелі пәтер жалға берілген. Тексеру уақытында екі кіреберістергі пәтер тұрғындары эвакуацияланды. «Олардың кейбірі жұмыстарына кетсе, қалғандары балабақшаға орналастырылды. Оларға шай берілді. Балабақша жұмысын жалғастыра берді. Халық акті залына орналастырылды», - деді Серов.
Олардың жанында дәрігерлер мен психологтар бар.
Ешкімге айтарлықтай медициналық көмек қажет болған жоқ. Бұдан бұрын ТАСС ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Товарищеский даңғылындағы үй тұрғындары ғимараттардың бірінен күдікті зат табылған соң эвакуацияланғанын хабарлаған.
17:36, 06 Сәуір 2017
Санкт-Петербургте тұрғын үйдегі жарылғыш зат залалсыздандырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте тұрғын үйде жарылғыш зат залалсыздандырылды. Бұл туралы журналистерге Невский ауданы әкімшілігінің басшысы Константин Серов айтты, деп хабарлады ТАСС.