АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербург әкімшілігі метрода болған жарылыстан кейін сейсенбіден бастап үш тәулік қаралы күн жариялады. Бұл туралы қала губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченконың үкімімен ертеңнен бастап қалада үш тәулік қаралы күн жарияланады», - деді ол. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Бұған дейін журналистерге РФ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Вероника Скворцова хабарлағандай, ресми дерек бойынша жарылыстан 47 адам жарақат алып, оның 10-ы қаза тапты.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.