Санкт-Петербургтегі дүкендердің бірінде жарылыс болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс сәрсенбі күні кешкісін Петербургтің солтүстігіндегі Кондратьев даңғылында орналасқан сауда орталығындағы «Перекресток» дүкенінде болған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Петербург пен Ленинград облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел қызмет өкілдері жеткен. Ғимаратты эвакуациялау жұмыстары аяқталды.

«Ғимараттан тарс еткен дыбыс шықты. Құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Адамдар эвакуацияланды, өрт шыққан жоқ»,-деп хабарлады басқарма мамандары.

Жарылыстың қуаты туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

РФ ІІМ Бас басқармасынан оқиғаның салдарынан зардап шеккендердің бар екендігі хабарланды. Оқиғаның себеп салдары анықталуда.

Жедел әрекет қызметіндегі дереккөздің хабарлауынша, оқиғаның салдарынан 10 адам зардап шеккен.

«Перекресток» дүкенінің 1-ші қабатындағы жүк сақтау қоймасының маңында «Гигант Холл» ойын-сауық кешенінде белгісіз зат жарылған»,-деп мәлімдеді дереккөз.