Санкт-Петербургтегі терактіні Орталық Азия тумасы жасауы ықтимал

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургтегі терактіні Орталық Азия тумасы жасауы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан соң тілшілерге берген сұхбатында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков мәлім етті.

«Маған хабарлағанындай, ол Орталық Азия тумасы болса керек, азаматтығын ауыстырып алған. Бұл тек нұсқалардың бірі ғана, деректер тексеріліп жатыр. Жас жігіт. Терактіні орындаған күдікті Орталық Азиядан шыққан болуы мүмкін, бұл дерек қазір зерделеніп жатыр», - деді тілшілерге берген сұхбатында.

Н.Білісбеков Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметімен арадағы бірлескен жұмыстарға да тоқталды.  Сонымен қатар ол Санкт-Петербордағы терактіге қазақстандық азамат Максим Арышевтың қатысы бар болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды . оның ойынша, Қазақстанда және Ресейде тыйым салынған ДАИШ лаңкестік ұйымының Санкт-Петербургтегі терактіге қатысы болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан 11 адам қаза тауып, 45 адам жарақаттанған болатын.