Санкт-Петербургтегі жарылыс кезінде зардап шеккендер арасында қызылордалық студенттер жоқ

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Санкт-Петербургтегі метро стансасында болған жарылыстан зардап шеккендер арасында қызылордалық студенттер жоқ, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.

Санкт-Петербургтегі терроризм актісі 3 сәуір күні "Технологический институт" және "Сенная площадь" стансалары аралығында орын алған. Қолдан жасалған жарылғыш зат 300 грамға жуық тротилдік эквиваленттегі жарақаттайтын элементтермен толтырылған. Соңғы ақпараттарға сәйкес жарылыстан 11 адам құрбан болып, 45 зардап шеккен, оның 39-ы ауруханаға жатқызылған, соның ішінде 15 жасар қыз бала бар.

  Қызылорда облысының  әкімдігі  ҚР Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Ермек Пірімбетовпен  және студенттер өкілдерімен тығыз байланыс орнатты.

   Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімдігінің бастамасымен 390 қызылордалық студент РФ Үкіметі қаражаты есебінен  Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы инженерлік-техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда. Олардың 88-і Санкт-Петербург мемлекеттік өсімдік полимерлері технологиялық университетінде оқиды.