Робб мүсінді өзінің қызы Элизабетке арнап ағаштан ойған, оны қара шақпақ тастармен безендірген. Ағаш Санта Клаустың дәстүрлі қызыл шапаны, биік тақалы етігі мен бір қапшық сыйлығы бар. Бұл ағаш шеберінің 72 жасында қолынан шыққан соңғы өнер туындысы болғандығы да оның құнын арттырып отыр. Америкалық коллекционер Ральф Эмерсоннің жиынтығындағы мүсіннің бағалану құны 150-250 мың долларды құрайды. Роббтың қолынан шыққан ағаш мүсіндер көбіне АҚШ-тағы қымбат дүкендерге қойылған. Әйгілі ағаш шебері 1851 жылы Нью-Йорк қаласында дүниеге келген, 1928 жылы ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болған. Ол ағаш ою өнерін АҚШ-тың әйгілі шебері Томас Брукстан үйренген.
18:06, 26 Қаңтар 2014
Санта Клаустың ағаш мүсіні 900 мың долларға сатылды
АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - 1923 жылы америкалық ағаш шебері Самюэль Андерсен Робб жасаған Санта Клаустың мүсіні Нью-Йорктегі аукционда 875 мың долларға сатылды. Бұл туралы әйгілі Sotheby's сауда үйінің қызметкерлері хабарлайды, деп жазады ИТАР-ТАСС.