Санжар Ташкенбай әлем кубогында алтыншы алтын медальға ие болды
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Санжар Ташкенбай (50 келі) чемпион атанды.
Финалда Санжар филиппиндік Джей Брайан Барикуатромен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек алғашқы минуттан тартысты басталды. Қос боксшы бір-біріне соққыны көбірек жұмсауға тырысты. Бірінші раундта Санжар жеңіске жетсе, одан кейін де сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ.
Үшінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді. Осылайша Санжар әлем кубогында алтыншы алтын медальды қоржынға салды.
Санжар Ташкенбай 2003 жылы 1 маусымда дүниеге келген. 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Енді кешкі сессияда финалда Алуа Балқыбекова (51 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.