Санжар Тәшкенбай Астанадағы әлем кубогының финалына жолдама алды

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында бүгін, 5 шілдеде Санжар Тәшкенбай (50 келі) финалға берілген жолдаманы иеленді. 

Қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалда Әзербайжан елінің өкілі Субхан Мамедовпен кездесті.

Алғашқы минуттан Санжардың белсенділігі байқады. Шаршы алаңда шеберлігін көрсетуге тырысқан ол қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Санжар Тәшкенбай жеңімпаз деп танылды.

Санжар 2003 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін 2023 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алса, 2022 жылы Азия чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді. 

Енді ел құрамасынан Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), 57 келі. Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Надежда Рябец (75 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады. 

Айта кетсек, қазірге дейін Нұрбек Оралбай (80 келі), Назым Қызайбай (48 келі), Виктория Графеева (60 келі), Наталья Богданова (70 келі) алтын жүлдені сарапқа салуға мүмкіндік алды.