АСТАНА. KAZINFORM – Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай күміс жүлдені иеленді.
Әлем чемпионы Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі өзбек боксшысы басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар таразы басын өзіне аударды – 4:1. Бірақ үшінші раундта рефери Санжарды нокдаун алды деп есеп ашты. Қорытынды есеп – 4:1. Осылайша жеңіс Ш.Меликузиевтің еншісінде кетті.
Бүгін тағы 8 қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласатынын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).