Санжар Тәшкенбай өзбек боксшысынан басым түсті
19:40, 15 Желтоқсан 2023
Астанадағы бокс кеші әлем чемпионы Санжар Ташкенбай мен екі дүркін Азия чемпионы өзбекстандық Нодиржон Мирзаахмедов арасындағы жекпе-жекпен ашылды, деп хабарлайды Kazinform.
51 келі салмақ дәрежесіндегі айқаста қазақстандық боксшы 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетcек, кездесуді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, кештің басты жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) Оңтүстік Африка Республикасынан келген Джабулани Махенсемен жұдырықтасады.