Санжар Тәшкенбай Ташкентте бокстан әлем чемпионы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
С.Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта грузиялық Сахил Алахвердобимен алтын жүлдені сарапқа салды.
Бірінші раундта төрешілер түгелдей С.Тәшкенбай басым деп тапты. Екінші кезеңде Санжар сол басымдылығын сақтап қалды. Қорытынды есеп – 5:0.
Сөйтіп Санжар Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.
2021 жылы Белградта осы салмақта қазақстандық Теміртас Жүсіпов үздік шыққан еді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бүгін Ташкентте Санжар Тәшкенбай мен Дулат Бекбауовтың алтынға таласатынын жазған едік.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).