Санжар Жаркешов Экология вице-министрі болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Жаркешов Санжар Серікбайұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомствода Санжар Жаркешов геология мәселелерінежетекшілік ететін болады.

Санжар Жаркешов 1986 жылы 24 қазанда Қарағандыоблысында туған. 2009 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық саудауниверситетін «қаржы» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы - Остин қ. (АҚШ) Техасуниверситетін «мұнайгаз инжинирингі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Техаста (АҚШ) Остин қаласындаМұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының зерттеуші инженері болып бастады,онда 2010 жылға дейін жұмыс істеді.

2010-2016 жылдары «ExxonMobile» Корпорациясында Калифорния,Колорадо және Техас (АҚШ) штаттарында бұрғылау жөніндегі инженер, Ирактабұрғылау жөніндегі аға инженер, Ресейде (Сахалин аралы) бұрғылаужөніндегі бас инженер, Атырау қаласында аға жобалық инженер болып еңбекетті.

2016-2018 жылдары - Шотландиядағы Перт қаласында«Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлер басшысы жәнебұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды.

2018 жылдың наурыз айынан қазірге дейін ҰлыбританиядаЛондон қаласында McKinsey and Company компаниясында мұнай өнеркәсібінің жаһандықсарапшысы және басқарушы кеңесшісі болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар