"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және "Атамекен" ҰКП-мен бірге 2019 жылдың ортасына дейін "Сапалы Қазақстан" кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдасын. Онда халықаралық деңгейге сәйкес келетін қазақстандық стандарттарды, техникалық регламенттер мен нормаларды 3 жыл ішінде енгізуді, заманауи зертханалық базаны дамытуды ескерсін", - деді Б.Сағынтаев.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне Назарбаев Университетімен бірге алдыңғы қатарлы ғылыми-технологиялық компанияларды экожүйені, оның ішінде Астана бизнес-кампус пен Астана халықаралық ІТ-стартаптар технопаркін одан ары дамытуға стратегиялық әріптес ретінде тартуды пысықтауды тапсырды.