«Қазіргі кезде осы мәселені пысықтап жатырмыз. Бұл бірінші кезекте осы қадамдарға қанша қаржы қажет болатынына, сондай-ақ қаржылық мүмкіндікке байланысты», - деді Б. Сапарбаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Осы орайда ол ең төменгі күнкөріс деңгейін, ең төменгі жалақыны қайта есептеу керектігін атап өтті.
«Президенттің халықтың табысын арттыру жөнінде тапсырмасы бар. Халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне және ең төменгі жалақыға қатысты болып тұр», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Сонымен қатар ол ең төменгі жалақыны көтерудің қаржыландыру көзі туралы айтып берді.
«Бұл өз кезегінде ел бюджетіне қатысты. Біз алдымен есептеулерді жүргізуіміз керек, кейіннен бюджеттің қаржылық мүмкіндігін қарау қажет. Ең бастысы, бұл шараларды іске асыру үшін экономика, адамдар жұмыс істеуі тиіс. Сәйкесінше, экономика өсімін қамтамасыз ету керек. Сол кезде табыс болып, аталған көрсеткішті көтерудің көздері айқындалады», - деді Б. Сапарбаев.