«Өңірлерді аралағанда, Парламент қабырғасында болғанымызда, байқағанымыз тұрғындарды ең негізгі толғандыратын мәселе – жұмыспен қамту. Бүгін қаралып отырған »Еңбек« мемлекеттік бағдарламасының ең негізгі міндеті – біріншіден оқыту, екіншіден - кәсіпке үйрету, үшіншіден -жұмысқа орналастыру. Осыны байқау үшін биыл барлық мемлекеттік бағдарламаға қанша жұмыс орны ашылғандығы туралы индикатор енгіздік», - деді ол.
Оның айтуынша, биыл арнайы ақпараттық жүйе жасалған. Аталған жүйе арқылы әрбір мемлекеттік бағдарлама бойынша қанша жұмыс орны ашылғанын байқап отыруға болады. Сонымен қатар ол таяуда бағдарламаның 9 айдағы қорытындысы қаралғанын еске салды.
«Өкінішке қарай, кейбір өңірлер берілген тапсырманы нашар орындаған. Мысалы, «Бизнес бастау» бағдарламасының орындалуы Алматы қаласында - 37, Шымкентте – 26, Нұр-Сұлтанда 6-ақ пайыз. Берілген гранттар саны мен гранттарды игеру бойынша Түркістанда - 15, Шымкентте - 4, Нұр-Сұлтанда 23 пайыз. Шағын несиені игеру бойынша Маңғыстауда – 42 , Шымкентте – 41, Нұр-Сұлтанда 49 пайыз. Екі ай ғана уақыт қалды. Осыған орай өңір басшыларына тапсырма берсеңіз. Біріншіден, тапсырылған жұмыс орындары ашылуы керек. Екіншіден берілген гранттар, несиелер толық игерілуі тиіс«, - деді Бердібек Сапарбаев ел Үкіметінің басшысы Асқар Маминге қайырылып.