Сапарбаев пен Ноғаев xалық алдында есеп береді
"Ақпанның 22-сі күні Атырау және Ақтөбе облыстарының әкімдері тұрғындар алдында 2016 жылғы өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен 2017 жылы алға қойған басты міндеттері туралы есептік кездесулерін өткізеді", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте.
Айта кеткен жөн, бүгінде Атырау облысын Нұрлан Ноғаев басқарса, Ақтөбе облысының әкімі қызметін Бердібек Сапарбаев атқарып жүр.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Мұрат Жұманбай Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты құрылған тергеу комиссиясының құрамын да жариялады . Оның айтуынша, ағымдағы аптада бес бірдей министр есеп беред і. Ал Сенатта бизнес мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді. Сондай-ақ Астанада түрме реформасына арналған кезекті форум ұйымдастырылады .
Бүгіннен бастап Орталық коммуникациялар қызметіндегі апталық брифингтер жаңа форматта өтетін болды .