Сапарбек Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметіне тағайындалды
20:35, 10 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың 2016 жылғы 10 маусымдағы №133/6 бұйрығымен, Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Сапарбек Айтуұлы Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.