«Көлік жүргізушісі жаман жолда апатқа түсіп, мәшинесі жарамсыз болып қалса, мемлекеттен сот арқылы ақша өндіре ала ма?», - деп сұрады журналист вице-министрден.
Марат Қожаевтың айтуынша, бұл мүмкін. Тек ол үшін апаттың нақты жол сапасыздығынан болғанын дәлелдеу керек.
«Әрине, жол-көлік оқиғасының себебі жолдың жағдайына қатысты екені дәлелденсе, соның кесірінен жүргізушіде апаттың алдын алуға мүмкіндік болмаса, сотқа азаматтық негізде шағым түсіре алады. Ондай фактілер болған және мүлкіне келген залалды өндіріп алғандар бар. Қазір олардың нақты санын айта алмаймын», - деді вице-министр.