Вице-министрдің айтуынша, заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі уәкілетті органның функцияларын бекітуге, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы одан әрі жетілдіруге бағытталған.
«Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган өзінің өкілеттіктерін толық пайдалануға құқығы болмай отыр. Осыған байланысты, заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға бірқатар функцияларын заңнамалық деңгейде бекіту көзделеді. Бұл ретте уәкілетті органның функцияларын белгілеу, оның ішінде уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы бойынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті өкілеттіктерін, тұтынушылардың, сатушылардың құқықтары мен міндеттерін, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің құқықтарын айқындау қарастырылады», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, заң жобасы аясында тұтынушылар құқығына орай, тауарларды сату, қайтару мен алмастыру талаптары да жетілдіріледі. «Мәселен, сатып алынған тауарларға қатысты олқылықтарды жоюдың он күндік мерзімі тұңғыш рет заңнама деңгейінде айқындалып отыр», - деді Т. Жақсылықов.