Саперлар Арыстағы қойманың аумағын тазартуға кірісті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігінің инженер-сапер бөлімшелері Арыста қойма сыртындағы аумақтарды тазалап болып, енді қойма аумағын тазалау жұмыстарын бастады. Әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апта сайынғы сапары барысында қорғанысведомствосының басшысы қалашықтағы жөндеу жұмыстарымен танысып, орындалғанжұмыстардың нәтижесі туралы баяндамаларды тыңдады. Қорғаныс министрі қойманысапалы тазарту және жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету –басты міндет екенін айтты әрі қалпына келтіру және жою жұмыстарына қатыстыбірнеше тапсырмалар берді.

Арыста әскери қызметшілер төтенше жағдай салдарынжойып жатыр. Оқ-дәрілердің бөлшектерін іздеп тауып, көзін құртуғғаинженер-сапер топтары жұмылдырылған. Қазірге дейін олар 150 мың бөлшекті тапты.Бүгінге дейін саперлар 1 250,7 шаршы километр – Сингапурдың жер көлемінен екіесе үлкен аумақты тазалады.

Оқ-дәрі бөлшегі табылған жерге баратынжылжымалы топ жергілікті тұрғындармен бірге жұмыс істеп жатыр.

Қорғаныс министрлігі халықтың қауіпсіздігінқамтамасыз ету мақсатында Арыс қаласының тұрғындарына оқ-дәрілердің бөлшектерімен басқа да күдікті заттарды тапқан кезде мобильді топқа шұғыл хабарлауды жәнеөз бетінше ешқандай іс-әрекет жасамауды өтінеді.

Соңғы жаңалықтар