Жартылай финалда жігіттеріміз Оңтүстік Кореяға мүмкіндік қалдырмай, 45:33 есебімен жеңді.
Енді финалда олар Азия чемпионы саналатын Жапониямен күш сынасады.
Айта кетейік, құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Никита Жулинский өнер көрсетіп жатыр.
Еске салсақ семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түскен еді.