Сәпиевтің үшінші қызы дүниеге келді, ал Дычко үйленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшылардың шаңырағында үлкен қуаныш. Бүгін Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевтің отбасында үшінші қыз дүниеге келді. Спортшының отбасы әзірше сәбидің есімін атаған жоқ, деп хабарлайды kazsporttv.kz.

Сонымен қатар, ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко шаңырақ құрды. Ол Марина есімді қызды өмірлік жары етіп таңдаған. Спортшы той аяқталысымен шетелде өтетін оқу-жаттығу жиынына ұшып кетті.