АСТАНА. ҚазАҚпарат - Жапонияның Саппоро қаласындағы VІІІ қысқы Азия ойындары аясында Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі өтетін күн белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Қысқы Азиада ойындары барысында 17 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-де атлетикалық қалашықта Қазақстан Республикасының Туын көтеру рәсімі өтеді. Ал VIII қысқы Азида ойындарының салтанатты ашылу рәсімі 19 ақпан күні кешкі сағат 16:00-де өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ, жарыстың жабылу рәсімі 26 ақпан күні кешкі сағат 18:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азида ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Оған 31 елден келген спортшылар 11 спорт түрі бойынша жүлделі орындарға таласады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.