САППОРО. ҚазАқпарат - Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында үш мемлекет медаль алып үлгерді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
Қазіргі уақытта 1 алтын, 1 күміс еншілеген Оңтүстік Корея спортшылары көш бастады. Ал Қысқы Азиада ойындарының қожайындары 1 алтын, 1 қола медальмен екінші орында. Қытай құрамасы 1 күміс, 1 қола медальмен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Әзірге Қазақстан қоржыны бос.
Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.